Өмірбаяны

Елдана Куигли — бұрынғы Елдана Қаупынбаева, сонау Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасында дүниеге келді. Оның академиялық жолы Денвер Университетінің Халықаралық Саясат бойынша Магистр дәрежесі және Қазақ Мемлекеттік Әлем Тілдері Университетінің Лингвистика бойынша Бакалавр дәрежесімен белгіленіп, оған жаһандық өзара әрекеттестіктерді анық көруге мүмкіндік берді.
КСРО ыдырауынан көп ұзамай, ол Қазақ Мемлекеттік Әлем Тілдері Университетін ағылшын, қазақ және орыс тілдері мамандығы бойынша бітірді. Өзінің бірінші жоғарғы білімін алу барысында ол аэроғарыштық инженерлік компаниясы — Қазақстандағы 8 ірі әуежайлар мен ұшу-қону жолақтарын қайта салумен тығыз айналысатын жапон-американдық кооперациялық агенттікте аудармашы болып жұмыс істеді.

Содан кейін Елдана Атлант мұхитының арғы жағына аяқ басып, 1999 жылы Денвер Университетін бітірді. Осында ол Халықаралық Саясат, Сауда және Экономикалық Интеграция бойынша Ақпараттық Жүйелерге баса назар аударып Магистр дәрежесіне ие болды.

Сол кезден бастап ол Ақпараттық Жүйелер болашаққа жол ашатынын түсінді. Оқуды аяқтап, ол реляциялық SQL (Structured Query Language) жазуға дағдыланып, Unix командаларын пайдаланып, дерекқорлардың сақтық көшірмесін жасаумен қоса Java бағдармалау тілінің негіздеріне үйренді. Ақырында, бағдармалау тілдері жай ғана өзара коммуникацияның бір түрі екендігіне көзі жетті. Алайда, осы қарым-қатынас түрінің басты айырмашылығы — адам мен компьютер арасында іске асырылуы ғана.

Кәсіби тұрғыда Елдана технология мен қаржы салаларын қоса алғанда, әр алуан секторларда тәжірибесін молайтып, Western Union және Pfizer сияқты компанияларында көшбасшы ретінде адал жұмыс атқарды. Оның дағдылары мәдениетаралық диалогтарға негізгі тірек бола тұрып, мәдениеттердің өзара түсіністік жақтаушылығына айырықша назар аударуда. Елдананың әдеби ізденістері қазақ мәдениеті туралы терең түсініктерді қалыптастырады, соған қоса, оның киноөндіріс саласындағы еңбегі тәуелсіз қазақ киносын американдық көремендерге таныстыруға мақсат етеді.

Ол өзінің дағдылар мен мұрасын өзара үйлестіре отырып, Қазақстан мен Батыс әлем арасында мағыналы байланыстың орнатылуына зор еңбек сіңіруде. Елдана Кеңес дәуіріндегі Қазақстан топырағына терең тамыр жайған өз отбасының шиелініскен хикаяларын аша алды.
Автор ретінде
Өзінің жеке тәжірибесі мен отбасы тарихына сүйене отырып, қазақ мәдениетінің егжей-тегжейлерінің кілті болатын, яғни, өзінің баяндамаларын жазуды шешті. Елдананың балалық шағы шешесі Ләйлә Қаупынбаева туралы естеліктерді ерекше әлдилеген кез. Осы естеліктер Советтік Қазақстан туралы әке-шешесінің жас кезіндегі бастан өткен белестерін алғашқы кітабын жазуына шабыт берді.

Анасының көз жұмғанына 6 ай толып, Елдананың әкесі анасының артынан о дүниеге де өтті. Оның ата-анасы Қазақстан тарихындағы елеулі оқиғаларын бірге бастан кешіріп, 52 жыл бір шаңырақтың астында өмір сүрді. Ата-анасының рухына тағзым ету үшін Елдана олардың қалай кездескенін және 1960-шы жылдары Қазақ Кеңестік Респубикасында жас адам болу қандай екенін еске алады.

Анасы қызының қазіргі заман жазушысы ретінде қалыптасуына зор шабыт берді. Ал әкесі болса, оған өзінің тұтас шығармаларымен қаламгерліктің негізін қаласа, Елдана оның шығармаларын бүкіл әлемге паш еткізгісі келді. Ол марқұм әкесінің кітаптарын ағылшын тіліне аударды. Ең соңғы аударылған кітаптарының бірі — "Ұран баба Райымбек". Кітап 1770-ші жылдары Қазақ пен Жоңғар(Моңғолдардың ұрпақтары) арасындағы қантөгісті соғыстағы қазақ тайпаларын сақтауға атсалысқан негізгі тұлға туралы жазылған.
Блогер ретінде
Елдана өзін YouTube блогерлігіне арнаған, онда ол әлемнің түпкір-түпкірінен тұлғалармен сұхбаттасады. Орталық Азияның кең-байтақ жазықтар мен Шығыс Еуропадан бастап, Солтүстік Америка мен Ескі Дүниеге дейін — бүкіл жаһанды құшақ жая қарсы алып, оны өзінің көрерменіне көрсетеді.
Продюсер ретінде
Елдананың атажұртымен тығыз байланысы арқасында Қазақстанның мәдени сахнасына шыға алады. Бұл, өз кезегінде, оған қазақ кинорежиссерлерінің соңғы туындыларын американдық көрермендерге таныстырып қана қоймай, оларды көрсетуге де мүмкіндік береді.